Бағалар

Баға бір нәрсеге байланысты: жазылушыларыңыз қанша. Хатты кез келген тарифте қалағаныңызша жібере аласыз.

Free

$0

Мәңгі тегін

1 000 жазылушыға дейін

Тегін бастау
  • 1 000 жазылушыға дейін
  • Сервистің барлық функциясы
  • Мерзімсіз және төлемсіз

Premium

$9/ ай

Айлық төлем

Бастау
  • 200 000 жазылушыға дейін
  • Таратудың жоғары жылдамдығы
  • Базаның 10 %-ға дейін асып кетуі таратылымдарды тоқтатпайды

Enterprise

$219/ ай

Айлық төлем

Enterprise-қа өту
  • 1 000 000 жазылушыға дейін
  • Аккаунттың икемді лимиттері
  • Сенімді шарттар

Барлық тарифтерде

Free-де ақылы тарифтердегі барлық мүмкіндік бар. Айырмасы тек база көлемі мен шарттарда.

Хаттар шектеусізКүніне бір хат па, бес хат па: бағаға әсер етпейді. Ал есепте хаттардың әр провайдерге қалай жеткені көрінеді.Таратылымдар туралы толығырақ → Доменнің рейтингіӘр провайдердің доменіңізге қаншалықты сенетіні көрінедіТолығырақ → Хаттар сериясыӨздігінен кететін хаттар тізбегіТолығырақ → Жазылу формаларыСайтқа енгізіледі, жазылушы бірден базадаТолығырақ →
Жазылушылардың жауаптарыКлиенттермен хат алмасу әртүрлі жәшіктерде емес, бір терезеде

Сұрақ-жауап

Мен не үшін төлеймін?

Жазылушылар базасының көлемі үшін. Хаттар саны бағаға кірмейді: қанша керек болса, сонша жіберіңіз.

Кім жазылушы болып саналады?

Белсенді жазылушылар және жазылуды әлі растамағандар. Жазылудан бас тартқандар мен жойылғандар саналмайды.

База тарифтен асып кетсе не болады?

Free-де база азайғанша немесе ақылы тарифке өтпейінше таратылымдар тоқтайды. Premium мен Enterprise-та 10 %-ға дейін асып кету таратылымдарды 7 күн тоқтатпайды: осы уақытта бір саты жоғары өтуге болады. Асып кету 10 %-дан көп болса, таратылымдар бірден тоқтайды.

Қалай төлеуге болады?

Кабинеттен тариф пен мерзімді таңдаңыз, шот пайда болады. Ол балансыңыздан төленеді. Баланс қолдау қызметі арқылы толтырылады: соманы жазыңыз, біз реквизиттерді жібереміз. Картаны байлаудың қажеті жоқ.

Мерзім біткенде не болады?

Мерзім біткенге 3 күн қалғанда кабинетте ұзартуға шот пайда болады. Балансыңызда ақша жеткілікті болса, ол өздігінен төленеді. Ұзартпасаңыз, таратылымдар тағы 7 күн жұмыс істейді, содан кейін тариф Free-ге ауысады. Жазылушылар, хаттар және есептер аккаунтта қалады.

Тарифті ауыстыруға бола ма?

Иә, кез келген уақытта кабинетте. Қазіргі тарифтің пайдаланылмаған күндері балансқа қайтады.

Мерзімге жеңілдік бар ма?

Иә: 3 айға төлесеңіз баға 10 %, 6 айға 15 %, бір жылға 20 % төмен.

Enterprise Premium-нан несімен ерекшеленеді?

Аккаунттың икемді лимиттерімен және күрделі салаларға арналған сенімді шарттармен. Сервис функциялары барлық тарифте бірдей.

Estismail-ге қосылыңыз

Өтінім қалдырыңыз, біз оны бір тәулік ішінде қараймыз. Бәрімен жұмыс істемейміз, бірақ әрқайсысына жіберуді баптап, алғашқы таратылымдарды іске қосуға көмектесеміз.